Мәзір

Премьер-министр жұмыртқаға субсидия беріліп-берілмейтіні туралы айтты

23.06.2023
Премьер-министр жұмыртқаға субсидия беріліп-берілмейтіні туралы айтты

Республикалық бюджет қаражатының шектеулі болуына байланысты азық-түлік жұмыртқасын субсидиялауды қайта іске қосу мүмкін емес. Бұл туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтты, деп хабарлайды World of NAN.

Әлихан Смайылов агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау шараларын жетілдіру аясында азық-түлік жұмыртқасын өндіруді бұрын қолданылып жүрген стандарт бойынша субсидиялауды қалпына келтіру мәселесі пысықталғанын айтты. «Республикалық бюджеттің мүмкіндігі шектеулі болғандықтан, азық-түлік жұмыртқасын субсидиялауды қалпына келтіру қазіргі уақытта мүмкін емес», – деді үкімет басшысы.

Дегенмен ол бұл саланы қолдау мүлде тоқтамағанын түсіндірді. Жұмыртқа саласын дамыту мақсатында асыл тұқымды құстың бір тәуліктік балапанын сатып алуды субсидиялау жалғасып жатыр. Сатып алынған балапан басына 60 теңге субсидия беріледі. Сондай-ақ, Инвестициялық субсидиялау қағидалары шеңберінде, агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығындарының бір бөлігін жұмыртқа саласын дамытуға инвестициялармен өтеу үшін субсидиялар екі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

- Құс шаруашылығындағы бірінші және екінші кезекті асыл тұқымды репродукторларды құру және кеңейту

- Өнімділік қуатын 50 млн дана жұмыртқаға жеткізе отырып құс жұмыртқа фермаларын кеңейту

Сонымен қатар қуаттылығы тәулігіне 50 тонна құс саңғырығын өңдеуге арналған машина мен жабдықтарды сатып алуға кеткен шығындарды өтеу қарастырылған. Бұл бағыттар бойынша инвестицияны өтеу үлесі 25 пайызды құрайды. Министрлер кабинетінің басшысы жұмыртқа құс шаруашылығын дамыту үкіметтің тұрақты бақылауында екенін айтып сендірді.

 

 

 


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии