Индустрия министрлігі импорттық өнімділігі жоғары техниканы сатып алу және лизингке беру кезінде фермерлерге инвестиция мен несиенің пайыздық мөлшерлемесін субсидиялаудан бас тарту идеясын айтты, деп хабарлайды World of NAN.
Президент Тоқаевтың ауыл шаруашылығы техникасын жаңарту қарқынын екі есеге арттыруға тапсырма берген жолдауын Индустрия министрі тыңдамаған сияқты. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығын дамыту мен жаңа технологияларды енгізуге де назар аударды. Бірақ импорттық техникадан бас тарта отырып мұны іске асыру мүмкін бе?
Әрине, бұл идеяның бастамасы отандық фермерлер арасында жағымсыз пікір тудырды. Түрлі бірлестіктер мен ұйымдар президент пен үкімет басшысына өз өтініштерін жазып үлгерді. Басшылардың парасаттылығына үміт артудан басқа шара жоқ.
Индустрия министрлігіне Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасының 80 пайызға дерлік тозығы жеткенін, жаңару қарқыны нормадан екі есеге артта қалғанын еске салғымыз келеді. Импорттық техникадан субсидияны алып тастау жағдайды нашарлатады. Нарықта айқын теңгерімсіздік орын алып, «отандық» құрал-жабдықтар сөзсіз қымбаттайтынын біз жыл сайын көріп келеміз. Яғни ауылшаруашылық техникасы шағын және орта шаруа қожалықтары үшін қолжетімсіз болып, президент тапсырмалары орындалмай қалады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение