Мәзір

Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бизнес өкілдерімен кездесті

06.12.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның бизнес өкілдерімен кездесті

Мемлекет басшысы Берлинге сапары барысында неміс бизнесінің бірқатар өкілдерімен кездесті.

«CLAAS Group» компаниясы Бақылау кеңесінің төрағасы Катрина Клаас-Мюльхойзермен кездесу барысында бірлескен инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. «CLAAS Group» компаниясы біздің елімізге «CT Agro» дистрибьюторлық желісі арқылы ауыл шаруашылығы техникаларын әкеліп, сервистік қызмет көрсетумен айналысады.

– Біздің негізгі стратегиямыз – елімізге тартылатын инвестицияларды әртараптандыру. Инвестиция тұрғысынан Германияның негізгі стратегиялық серіктесі болғымыз келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Катрина Клаас-Мюльхойзер Қазақстанның ірі компаниялармен ғана емес, сондай-ақ, орта деңгейдегі компаниялармен де ынтымақтастық орнатуға ниетті екеніне ризашылық білдірді.

«Linde AG» компаниясының атқарушы вице-президенті Кристиан Брухпен кездесу барысында кәсіпорынның Қазақстанда жүзеге асырып жатқан инвестициялық жобалары мен алдағы жоспарлары туралы сөз болды.

– Канцлер Ангела Меркельмен және Президент Франк-Вальтер Штайнмайермен жүргізілген бүгінгі келіссөздер жоғары деңгейде өтті. Осы келіссөздер екіжақты ынтымақтастықты дамытуға тың серпін беретініне сенімдімін, – деді Мемлекет басшысы.

Кристиан Брух өз компаниясының 2013 жылы «Арселор Миттал Теміртау» АҚ базасында техникалық газ өндіру жобасын іске асырғанын атап өтіп, оған 95 миллион евро көлемінде инвестиция салғанына тоқталды.

– Бүгінде «Linde AG» компаниясы жобаның екінші кезеңін қолға алды. Жаңа жобаға шамамен 80 миллион еуро инвестиция салуға ниеттіміз, – деді Кристиан Брух.

Сонымен қатар германиялық компания «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын салу жөнінде келіссөздер жүргізіп жатқанын айтты.

Ақпарат көзі: http://www.akorda.kz/ru


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии