Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің солтүстігіндегі бірқатар өңірде болған қолайсыз ауа райы жағдайына байланысты үкіметке астық өндірумен айналысатын шаруалар мен шаруа қожалықтарына қаржылай және өзге де қажет көмекті көрсетуді тапсырды. Бұл жөнінде World of NAN порталы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Ақорда таратқан хабарламада нақты қандай қолдау шаралары және қандай көлемде жасалатыны айтылмаған.
Бұған дейін мәжіліс депутаттары астық науқаны құрдымға кетуге шақ тұрған солтүстік өңірлерде төтенше жағдай жариялауды үкіметтен сұраған болатын. Тамыз айының соңы мен қыркүйек айының басындағы толассыз жауын жаз бойы құрғақшылықтан зардап шегіп, онсыз да аз өнім берген егістікті жинауға мүмкіндік бермеді.
Батпақтың салдарынан комбайндар алқапқа кіре алмайды. Бірақ егінді жинау техникалық тұрғыдан мүмкін болған күннің өзінде, жоғары ылғалдылыққа байланысты астықтың сапасы төмендеп, құны жоғалды. Фермерлер қаржылық міндеттемелерін қалай өтейтінін білмей, қиын жағдайға тап болған еді.
Қазақстан егіншілер одағының өкілі Виктор Аслановтың айтуынша, биылғы маусымда Қазақстан егіншілерінің шығыны – 2,8 млрд доллар болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение