Мәзір

Президент органикалық ауылшаруашылық өнімдері туралы заңға қол қойды

11.06.2024
Президент органикалық ауылшаруашылық өнімдері туралы заңға қол қойды

Заң табиғи ресурстарды сақтау әрі ұтымды пайдалануға, салауатты тамақтануды насихаттауға және органикалық өнімдер нарығын дамытуға бағытталған. Бұл жөнінде World of NAN Ақордаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Заңда бірқатар жаңа нормалар да бар.

Біріншіден, органикалық өнімдердің өндірісі мен айналымы саласындағы ұлттық заңнаманың мақсаттары мен міндеттері қайта қаралды.

Екіншіден, органикалық өнімдерді өндірушілер шеңбері кеңейтілді, бұл жеке және заңды тұлғалардан басқа органикалық өнім өндірумен айналысатын органикалық өнім өндірушілердің бірлестіктерін (жай серіктестіктер) осындай санатқа жатқызуға мүмкіндік береді.

Үшіншіден, Заң органикалық өнімдерді өндіруге көшу шарттарын қарастырады және оларды өндіру, таңбалау және олардың айналымына қойылатын талаптарды белгілейді.

Төртіншіден, органикалық өндіріс саласындағы халықаралық тәжірибелер мен стандарттарға сәйкес келу үшін ерікті қатысу, ішкі бақылау және өндірілген өнімнің сапасына ұжымдық жауапкершілік қағидаттарына негізделген ортақ кепілдік жүйесін (PGS) қалыптастыру және оның жұмыс істеуі үшін ережелер жасалады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии