Мәзір

«Президенттік» 100 млрд теңгемен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жүріп жатыр

18.05.2020
«Президенттік» 100 млрд теңгемен көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыру жүріп жатыр

«Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егіс жұмыстарына берілетін жеңілдетілген несие аяқталысымен, Аграрлық несие корпорациясы (АНК) «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша егіс науқанын қаржыландыруға кірісті, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, дағдарысқа қарсы шаралар аясында Мемлекет басшысы қазақстандық фермерлерге көктемгі дала жұмыстарына «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына қосымша қаржылық көмек көрсетуді тапсырды. Қаражат қайтарымсыз емес, бірақ жеңілдетілген шарттармен беріледі.

Фермерлерге 6%-бен  100 миллиард теңге беру қарастырылған. Қаржы 12 айға дейінгі мерзімге алдын-ала беріледі. Негізгі қарызды несие мерзімі аяқталғаннан кейін өтеуге болады.

Қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ («ҚазАгро» ҰБХ АҚ еншілес ұйымы) және екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылады. Егін егу науқаны басталғаннан бастап, АНК қаражат беруді тездету және жеңілдету мақсатында бизнес-процестерді оңтайландырды. Атап айтқанда, 30 күнтізбелік күнде қаралатын өтініштер 10 күн ішінде тексеріліп, шешім шығару қарастырылды. Өткізетін құжаттар тізімі де қысқарады. Бүгінгі таңда АНК фермерлерге шамамен 6 млрд. қаржы бөлді.

Жақында Аграрлық несие корпорациясы «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі дала жұмыстарын қаржыландыруды аяқтады. Нәтижесінде 70 млрд теңгені 5%-бен 2 405 шағын және орта бизнес өкілдері алды.

Осылайша, «Кең дала» және «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша, 2020 жылғы көктемгі дала жұмыстарына 170 млрд. теңге бөлінді. Мемлекеттің осындай ауқымды қолдауы шаруаларға уақтылы және еш кедергісіз жұмыс жасауына мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі: www.gov.kz


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии