Мәзір

Азық-түлік өндірушілері Қытайға сауда миссиясына бара алады

13.02.2024
Азық-түлік өндірушілері Қытайға сауда миссиясына бара алады

Өңделген өнімнің экспортына қолғабыс ету мақсатында «QazTrade» АҚ қазақстандық тауар өндірушілер үшін 2024 жылғы 19-21 наурыз аралығында Чэнду қаласында (ҚХР) сауда-экономикалық миссия ұйымдастырмақ. Бұл жөнінде World of NAN ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Іскерлік сапар шеңберінде экспорттаушыларға қытайлық бизнес-серіктестермен ынтымақтастық орнатуға, импорттаушылармен, трейдерлермен және дистрибьюторлармен келіссөздер жүргізуге, өнімді жеткізу туралы уағдаласуға мүмкіндік беріледі.

Сычуань провинциясы тізімде көрсетілген қазақстандық өнімдерді сатып алуға мүдделі: соя бұршақтары, күнжара және жануарларды азықтандыруға арналған басқа да қалдықтар, күнбағыс және мақсары майы және т. б.

Сауда миссиясы шеңберінде «QazTrade» АҚ қатысушылардың тұру шығындары мен сол елдегі трансферді көтереді.

Тауар өндірушілерден өтінімдер 2024 жылғы 23 ақпанға дейін қабылданады, тіркеу сағат 10.00-де аяқталады.

Қатысу мәселелері бойынша: тел.+7 702 313 97 66.

Тіркелу сілтемесі: https://forms.gle/AybzbkE3t4NaRH22A


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии