Мәзір

Жамбыл облысында тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады

09.04.2024
Жамбыл облысында тамшылатып суару жүйелерін шығаратын зауыт іске қосылады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Тараз қаласындағы тамшылатып суару жүйелерін шығару алаңына барды. Бұл туралы World of NAN облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Аймақ басшысы тамшылатып суару жүйелерін шығару алаңына барды. «KAZ Каспий ГИДРО ауыл шаруашылығы технологиясы» компаниясы жобаға 6 млн АҚШ долларын салуды жоспарлап отыр. Мұнда барлығы 30 жаңа жұмыс орны ашылады. Бүгінде өндірістік жабдықтарды орнату жұмыстары басталған.

Вегетациялық кезеңде ылғал тапшылығын азайтуда су үнемдеу технологияларының маңыздылығын баса айтқан облыс әкімі кәсіпорынға тиісті қолдаулар көрсету жалғасатынын жеткізді. Бүгінде жергілікті және еліміздің өзге де өңірлерінің шаруаларынан тапсырыстар түсе бастаған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии