Мәзір

Прокуратура фермерлерден жерді алып, басқаларға береді

05.02.2024
Прокуратура фермерлерден жерді алып, басқаларға береді

Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданының прокуратурасы 12 мың гектардан астам ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтарды. Бұл туралы World of NAN ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Қадағалау органы жер заңнамасының сақталуына талдау жүргізіп, фермерлердің жерді нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбағаны анықталды.

«Қадағалау актілеріне сәйкес жалпы көлемі 12 234 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы 231 миллион теңгелік 22 жер телімі мемлекет меншігіне қайтарылды. Алдағы уақытта жер телімдері тиімді пайдалану үшін күтіп отырған тұлғаларға беріледі», - деді прокуратура.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии