Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданының прокуратурасының тексерісі барысында «Мясная Индустрия» ЖШС ірі қара малдарды бордақылау үшін 158 млн. теңге заңсыз субсидия алғаны анықталды. Бұл туралы World of NAN порталы облыстық Прокуратураға сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша негізсіз субсидиялау белгіленген, атап айтқанда серіктестіктің өтінімінде 5000 бас малға арналған бордақылау алаңын қабылдау туралы көрсетілген.
Алайда сараптама қорытындысы бордақылау алаңының 4800 басқа арналғанын анықтады. Сонымен қатар өтінімде жұмыс жобасы болмаған, жобаның орнына өтінімге сметалық құжаттамасы бар сараптама қорытындысы берілген.
Объектінің аумағында инвестициялық жобаға жатпайтын өзге де ғимараттар мен құрылыстар салынған. Сондай-ақ, Серіктестік сатып алған 853 асыл тұқымды малдың 536 басы Батыс Қазақстан облысынан тыс жерде екендігі анықталды (ірі қара малдар басқа қожалықтарға жалға берілген).
Аталған жәйт бойынша, аудан прокуратурасы БҚО ауылшаруашылық басқармасына ұсыну енгізді. Басқарма құны 77 млн. теңге сомасына бордақылау алаңын салу шығындарын және 80 млн. теңге сомасына асыл тұқымды мал сатып алуға негізсіз субсидия алғаны үшін сотқа талап берді.
Мемлекетке келтірілген шығын толығымен 158 млн. теңге көлемінде өндірілді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение