Мәзір

Бидайдың әлемдік нарықтағы бағасы тағы да көтеріліп жатыр

27.05.2024
Бидайдың әлемдік нарықтағы бағасы тағы да көтеріліп жатыр

World of NAN редакциясының талдаушысы 13-24 мамыр аралығындағы әлемдік ауылшаруашылық өнімдері нарығына қысқаша шолу ұсынады.

Әлемде соңғы екі аптада бидай бағасы 2023 жылғы шілдедегі ең жоғары деңгейге дейін көтерілді. Чикагодағы жұмсақ бидайдың бағасы 8 пайызға өсіп, тоннасына 256 долларға жетті. Қатты күздік бидай (Hard Red Winter) 3,4%-ға қымбаттап, 265 долларға жетті. Халықаралық астық кеңесі 2024-25 жылдардағы бидайдың әлемдік тұтынуы бойынша болжамын 2 миллион тоннаға және өндіруді 3 миллион тоннаға қысқартты. Ресейдегі ИКАР бидай жинау болжамын мамырда үшінші рет төмендетті. Мамыр айының басында болжам 93 миллион тонна болса, 13 мамырда 86 миллион тоннаға, ал 21 мамырда болжам 83,5 миллион тоннаға дейін төмендеді.

Қара теңіз порттарында ресейлік бидайдың экспорттық бағасы аздап өсті. Баға индексі 0,1%-ға өсіп, тоннасына 235 доллар деңгейінде қалды. Ресейден бидай экспортына ағымдағы баж салығы осы екі аптада 9,2%-ға төмендеп, тоннасына 2977 рубльді құрады. Қазақстан тауар биржасының ETS мәліметіне сәйкес, соңғы бидай мәмілесі тек 14 мамырда жасалған. Сол сәтте 27% клейковинасы бар Triticum Aestivum 3-класты жұмсақ бидайдың тоннасы ₸140 мыңға сатылды. Дәл осы бидай 24 мамырдағы жағдай бойынша тоннасына ₸142 мың бағамен сатылып жатыр. Ал қантқа келер болсақ, 23 мамырда тоннасына ₸375–380 мың бағамен бірнеше мәміле жасалған. Бұл күні барлығы 611 тонна қант сатылды. Жалпы алғанда, кейінгі 2 аптада қант бағасының шамамен 20% төмендегенін байқауға болады.

Лондонда қант бағасы екі апта ішінде тағы 4%-ға төмендеп, тоннасына 546 долларды құрады, бұл 2023 жылдың қаңтарынан бергі ең төменгі көрсеткіш. Бразилияда қант өндірісі өсіп келеді. Сәуір айының бірінші жартсындағы соңғы мәліметтер бойынша, өндіріс 84%-ға өсті, ал жалпы наурыз-сәуірде жылдық өсім 65,9%-ды құрады. Сонымен қатар, трейдерлердің «қысқа» позициялары өсіп келеді. Соңғы деректерге сәйкес, қорлар қант фьючерсіндегі таза қысқа позициясын 4 жылдағы ең жоғары деңгейге дейін арттырып, бағаның төмендеуін күтті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии