2020 жылдың 19 маусымында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылауды жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді.
Карантин режимін сақтау шараларына байланысты қоғамдық тыңдау онлайн режимде өтеді. Өңір тұрғындары өз сұрақтарын бейнеконференциялық байланыс арқылы қоя алады.
Іс-шара ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Facebook-тағы ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.
Қоғамдық тыңдау елорда уақытымен 11.00-де басталады.
Іс-шараға қатысты сұрақтар мен ұсыныстарды 8 (7172) 55-57-65 телефоны арқылы немесе minagripress@gmail.com электрондық поштасына жолдауға болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение