Қазақстанның Қант, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қауымдастығының президенті Айжан Наурызғалиева отандық қант саласындағы ахуал көңіл көншітпейтінін айтады. Министрліктер қабылдаған шаралар да айтарлықтай нәтиже бермей отыр. Осылайша Қазақстан нарығы ресейлік қантпен толып, ал ал жергілікті өнім айлар бойы отандық қант зауыттарының қоймаларында «өлі» жүк болып жатыр. Бұл туралы World of NAN порталы Kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Айжан Наурызғалиеваның айтуынша, отандық қант зауыттары өңірлердің әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларының ақшасына шикізат сатып алып, дайын өнімнен түскен табыс арқылы қарызды жаппақ болған. Әлеуметтік корпорациялар зауыттарға 18 млрд теңге бөлген. Қазіргі сәтте отандық төрт қант зауытының қоймаларында 50 мың тоннаға жуық қант бар. Баcтапқыда дайын өнімнің килосы 460 теңгеге сатылады деп жоспарланған. Бірақ зауыттар қант өндіре бастаған тұста нарықты арзан импорттық өнім жаулап алыпты. Осы себепті, алты айдан астам уақыт бойы кәсіпорындар қантты қоймаларда ұстауға немесе Тараз қант зауыты сияқты шығынға батып, сатуға мәжбүр.
Айжан Наурызғалиеваның айтуынша, отандық қант өндірушілер шығынға батпас үшін қантты Ресейден автокөлікпен әкелуге шектеу қою керек. Қауымдастықтың дерегінше, биылғы қаңтар-қыркүйек аралығында Қазақстанға Ресейден 203,6 мың тонна қант теміржол арқылы әкелінді. Бұл ретте, осы аралықта автомобиль көлігімен әкелінген, алайда есепке алынбаған қант көлемі шамамен 150 мың тоннаға жуықтайды.
Қауымдастық басшысы жергілікті қант зауыттары қазір отандық қызылша шикізатын өңдеумен айналысып жатқанын айтады. Ал ол шикізат аяқталған соң не істейтіні, шетелден құрақ шикізатын алып-алмайтыны әзірше белгісіз болып тұр. Өйткені әлемдік нарықта қант шикізаты қымбаттап кеткен. «20 қарашада Нью-Йорк биржасында шикі қанттың тоннасы 608 долларға сатылды және бұл тасымалдау шығынынсыз. Ал өткен жылы қазан айында оның бағасы 1 тоннасы үшін 400 доллар болған еді. Болашақта да арзандауы екіталай. Өйткені, оған көптеген фактор әсер етеді. Шикізатты бүгінгі бағамен сатып алған зауыттар одан да қымбат өнім шығарады. Оны сату қиынға соғады. Ресейде тағы да профицит күтілетінін ескерсек, қантымыз тағы да қоймаларда «өлі жүк» болып қала ма деген қорқыныш бар», — дейді Айжан Наурызғалиева.
Қант зауыттары шығынға батып жатқанын айтқанымен, қызылша өндірушілер мұнымен келісе қоймайды. Осыдан бірнеше ай бұрын жергілікті фермерлер президент Тоқаевқа хат жолдап, қант зауыттары шикізатты өте арзан бағаға сатып алып жатқанын, соған қарамастан дайын өнімді қымбатқа саудалайтынын айтып шағымданған еді. Үкімет 2022 жылы қант зауыттарына шикізат сатып алу үшін 25 млрд теңге көлемінде пайызсыз несие берген.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение