Қырғызстан қант өнеркәсібін тиімді дамытып, 2023 жылы 76 мың тонна қант өндіріп, ішкі сұраныстың 60 пайызын қамтамасыз етті. Ал әлдеқайда мол ресурсы бар Қазақстан қант өндірісін дамыту бойынша Кешенді жоспар құрғанына қарамастан, импортқа тәуелділік арта түсті. Бұл жөнінде World of NAN сарапшы Ғабит Матаевтың kapital.kz сайтындағы мақаласына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2022 жылы Ресей қант экспортын жапқаннан кейін Қазақстанда түйіршіктелген қант бағасы келісіне 1000 теңгеге дейін күрт өсті. Осы жағдайдан соң үкімет 33 іс-шарадан тұратын қант өнеркәсібін дамытудың 2026 жылға дейінгі Кешенді жоспарын қабылдады. Содан бері жағдай тұрақталып, баға төмендегенімен, проблемалар әлі де бар.
Кешенді жоспарда 2026 жылға қарай елдегі қант өндірісін 250 мың тоннаға дейін ұлғайту және импорт үлесін 17%-ға дейін төмендету міндеті қойылған. Алайда мұның орындалуы екіталай. Қазіргі сәтте отандық қант ішкі нарықтың 13%-ын ғана құрайды, қалғаны ЕАЭО импортымен жабылып отыр.
Қазақстанда қант өндірісі жылдан жылға төмендеп барады: 2022 жылы 299 мың тонна өндірілсе, 2023 жылы өндіріс 70%-ға кеміп, 201 мың тонна ғана болды. Ал биылғы жылдың қаңтар-ақпан айларында елде бар болғаны 15,5 мың тонна қант шығарылды — бұл өткен жылғы сәйкес кезеңнің көрсеткішінен 4 есе, 2022 жылдың көрсеткішінен 40,3% төмен.
Қазақстандық қанттың өзіндік бағасы қымбат, сондықтан импорттық ресейлік қантпен бәсекелесе алмайды. Ресейлік қанттың импорты, оның ішінде заңсыз импорт әлі де жалғасып жатыр.
Ал осы тұста Қырғызстан қант өнеркәсібін тиімді дамытып, 2023 жылы 76 мың тонна қант өндірді, бұл ел қажеттілігінің 60 пайызын қамтамасыз етеді.
Сарапшы Ғабит Матаевтың айтуынша, Қазақстан үкіметі қант экспортына тыйым салып, қантты белгіленген бағамен сатуды жалғастырып келеді, бірақ бұл шаралар мәселені шешпейді, тек оның салдарын жеңілдетеді.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение