Қара сарбаз (Hermetia illucens) шыбыны климаты ыстық, ылғалдылығы жоғары аймақтарда кеңінен таралған. Олардың негізгі таралған аумағы - Оңтүстік Америка, ал біздің елде олардың тіршілік етуіне климатымыз қолайсыз, сондықтан тек жасанды ортада өсіре аламыз.
Қара сарбаз дернәсілдері кез-келген органикалық қалдықтарды өңдеуге қабілетті, тек өздеріне қолайлы жағдай жасалса болғаны. Мұнда, қалдықтарды өңдейтін дернәсілдер, ал шыбындар тек көбеюмен ғана айналысады. Шыбындар жұмыртқаларын арнайы орындарға тастап, одан дернәсілдер пайда болады. Дернәсілдер қалдықтарды өңдей отыра, өздерінің қажетті мөлшеріне жеткеннен соң қайтадан шыбын болып ұшады. Жалпы қара сарбаз шыбындарының өмірлік кезеңі (дернәсілден қайта шыбынға айналу) шамамен 45 күн аралығында болады. Қара сарбаз дернәсілдері қалдықтарды асқазан-ішек жолдары арқылы өткізіп, оны тыңайтқышқа айналдырады, ал дернәсілдерді құстарға, балықтарға, жануарларға жемдік қоспа ретінде пайдаланады. Олардың басқа қалдықтарды өңдейтін биологиялық әдістерден артықшылығы кез-келген көлемді қысқа уақыт аралығында, арнайы компосттаусыз өңдеумен ерекшеленеді. Сонымен қатар, бұл 95%-ға қалдықсыз технология болып табылады [1-4].
Дүние жүзінде қара сарбаз дернәсілдерімен органикалық қалдықтарды өңдеу мәселесі оңтайлы шешіліп келеді. Бұл ретте, тек қалдықтардан арылып қана қоймай, қоршаған ортаға шығарылатын метанның мөлшері азаяды екен. Осыған орай, қазіргі таңда көптеген зерттеулер жүргізілуде. Мысалы, Италия ғалымдары қара сарбаз дернәсілдері қалдықтарды өңдеу кезінде пайда болатын парниктік газдар шығарындыларына тәжірибелер жүргізіп, қалдықтармен дернәсілдер қоректенген кезде метанның бөлінуі айтарлықтай төмендеген [5]. Сонымен қатар, Бразилиядағы Санта-Крус университетінің “Биоэнергетика және қоршаған орта тобы” ғалымдары қара сарбаз дернәсілдері ірі қара мен шошқа көңін өңдегенде олардан бөлінетін метан шығарындылары 86%-ға дейін төмендеген [6]. Ғалымдардың айтуынша, қара сарбаз дернәсілдері тек тағам қалдықтары емес, басқа да органикалық қалдықтарды, оның ішінде жаңа шыққан көңдерді де алдын ала дайындаусыз (компосттау) өңдеуге қабілетті екенін және бұл технологияның қалдықтарды басқа биологиялық өңдеу әдістерімен салыстырғанда өте жоғары басымдылық ие екеніне көздерін жеткізген.
Қазіргі таңда қоғам үшін тағам қалдықтары немесе басқа да органикалық қалдықтарды өңдеу өзекті мәселе болып отыр. Тағам өнімдерінің жарамдылық мерзімі шектеулі болғандықтан, олар тек адам үшін ғана емес, қоршаған ортаға да қауіпті болып келеді. Бұл микроорганизмдердің, саңырауқұлақтардың және басқа да зиянды организмдердің түрлері үшін оңтайлы көбею алаңы бола алады. Әртүрлі тағам қалдықтарын, сондай-ақ басқа да органикалық қалдықтарды шикізат көзі ретінде қарастыратын болсақ, олардың көлемі елімізде күн сайын артып, қоршаған ортаның ластануына, сондай-ақ түрлі аурулардың таралуына ықпалын тигізіп отыр. Осыған орай, ғалымдардың айтуынша қара сарбаз дернәсілдері тағам қалдықтарын өңдегенде қысқа уақыт аралығында өзінің биомассасын тез жинай алады, ал басқа да органикалық (көң, көкөніс, жеміс-жидек қалдықтары т.б.) қалдықтарды өңдегенде баяу өседі екен. Бұл денәсілдерге берілетін қалдықтардың тікелей тағамдық құндылығына байланысты болады [7-8].
Елімізде де қара сарбаз шыбындарын өсіру етек алып келеді. Бірақ, үлкен масштабта өндіріс болмаса да, үй жағдайында өздерінің жеке мақсаттарында пайдаланып жатқандар аз емес. Қара сарбаз шыбындарын өсіру аса қиындықтар тудырмайды, тек өздеріне қажетті жағдайларды орындап отырса болғаны. Сондай-ақ, қара сарбаз дернәсілдері тек қалдықтарды жойып, одан тыңайтқыш қана алып қоймай, климаттың өзгеруіне себепші метан газын төмендетуші организм болып табылады.
Әдебиеттер:
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение