Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің биология-география факультетінің аумағында жерасты термос-жылыжайы ашылды. Онда қарбыз, орхидея және ағаш көшеттерін өсіру жоспарланған. Ал қазір гүлдер, микрожасылдар, жидектер өсіп тұр. Бұл туралы World of NAN порталы әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Жылыжай бір ай бұрын жұмыс істей бастады. Ол жер астында, шамамен бес метр тереңдікте салынған. Бұл өз кезегінде өсімдіктерді қыста суықтан, жазда ыстықтан оқшаулауға мүмкіндік береді. Биология-география факультетінің деканы Серікболат Талжановтың айтуынша, сыртта -28 градус аяз болған күндері де мұндағы температура +25 градус болып тұрған. Жылыжайдың ауданы – 270 шаршы метр. Ғалымдар мұнда агротехнологияларды дамыту үшін оқу және ғылыми-өндірістік база құруды да жоспарлап отыр.
Бұл жерде өсірілген қияр, қызанақ және шөптер университет асханаларында қолданылады, ал гүлдер мен ағаш көшеттері университет аумақтарын көгалдандыру үшін, сондай-ақ қаланы безендіру үшін өсіріледі деп жоспарланған.
«Бұл біздің ғалымдар 15 жылдан астам армандаған Қарағанды облысындағы жалғыз термос-жылыжай. Бастапқыда жер бетіндегі жылыжай салу жоспарланған болатын, бірақ ол эргономика тұрғысынан тиімсіз боп шықты. Сол кезде біз Солтүстік Еуропа елдерінің тәжірибесін зерттедік, өйткені олардың климаты біздікіне ұқсас және Ұлытау облысында да осындай жылыжай бар екенін білдік. Сол жаққа барып, есептеулер жасадық. Енді, міне өз жылыжайымызды таныстырып жатырмыз», – дейді Талжанов.
«Біз қарбызды тұқымнан отырғыздық, олар кішкентай өскіндер шығарды. Болашақта басқа да бақша дақылдарын, сондай-ақ күтімді талап ететін орхидеяларды өсіруге тырысқымыз келеді», – дейді Биотехнология және экомониторинг зерттеу паркінің жетекшісі Маргарита Ишмуратова. Ал микрожасылдар мен көкөністерден студенттер асханада ішетін смузи дайындамақ.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение