Мәзір

Қарашөкеев: агроөнеркәсіп саласындағы ғылыми зерттеулерді уақытылы қаржыландырамыз

20.06.2023
Қарашөкеев: агроөнеркәсіп саласындағы ғылыми зерттеулерді уақытылы қаржыландырамыз

Парламент палаталарының бірлескен отырысында депутат Ерболат Саурықов кейінгі жылдары агроөнеркәсіп саласындағы зерттеулерге бөлінген қаржы ғалымдарға уақытылы берілмей келгенін айтып, бұл үшін ауыл шаруашылығы министрлігін кінәлады. Министр алдағы жылдары бұл кемшілікті қайталамауға уәде берді, деп хабарлайды World of NAN.

Еліміздегі агроөнеркәсіп саласында кешенді ғылыми зерттеулер үш жылдық ғылыми-техникалық бағдарламалар аясында орындалады. 2021 жылы жылы ғылыми жобалар сол жылдың қыркүйек айында ғана қаржыландырылған, яғни 9 ай кешігіп төленген. Ал 2022 жылғы қаржы тек сәуір айында берілген.

“2024-2026 жылдарға ғылымды қаржыландыру мәселесі бүгінгі күнге дейін келісу рәсімдерін әлі толық аяқтамаған. Бюджеттік бағдарлама қаржы министрлігімен әлі келісілмеген. Яғни 2024 жылдың қаңтар айынан бастап біздің ауыл шаруашылығы ғалымдары өткен жылдардағыдай тағы да қаражатсыз қалуы мүмкін. Осыны қалай түсіндіресіз?” – дейді депутат.

Министр Ербол Қарашөкеев бұрынғы кемшілікті қайталамай, 2024-2026 жылдарға арналған қаржыны ертерек жеткізу үшін былтыр күзден бері әрекет жасай бастағанын айтты. Оның түсіндіруінше, салалық топтар құрылып, басым сегіз бағыт бойынша сегіз бағыт бойынша 35-тен астам ғылыми-техникалық тапсырманы дайындаған.

“Сол тапсырмаларды біз 4 мамыр күні Ұлттық ғылыми кеңестен өткіздік. 18 мамырда Жоғары ғылыми-ехникалық комиссияның мақұлдауынан өтті. Қазіргі таңда біз конкурстық құжаттарды әзірлеу сатысындамыз. Тамыз айында конкурстарды жариялайтын боламыз. Біз конкурстың барлығын дер кезінде бітіріп, келесі жылдың қаңтар айынан бастап ғалымдарға, ғылыми қызмет субъектілеріне қаражатты жеткізетін боламыз”, - дейді министр.

Оның айтуынша, агроөнеркәсіп саласындағы ғылыми зерттеулер үшін министрліктің бюджеттік лимитінде жылына – 9 млрд теңге, үш жыл үшін жалпы көлемі – 27 млрд теңге қаражат жоспарланған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии