Мәзір

Қарашөкеев: Қазақстанда жем тапшылығы байқалады

13.06.2023
Қарашөкеев: Қазақстанда жем тапшылығы байқалады

Бүгін Үкімет отырысында ауыл шаруашылық министрі Ербол Қарашөкеев елімізде малға жем тапшылығы байқалатынын айтып өтті. Бұл мәселені шешу үшін жемшөп өндірісін дамытудың 2025 жылға дейінгі жол картасы кеңейтіліп жатыр. Осы жайлы World of NAN хабарлайды.

Министрдің айтуынша, бүгінде Қазақстанда қатты жеммен қамтамасыз ету – 80%, шырынды жеммен қамтамасыз ету – 60% , ал концентрацияланған жеммен қамту – 50 пайыз болып отыр. Ол мал шаруашылығын тұрақты дамыту үшін мал азығымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз ету аздық ететінін, жемшөп артық көлемде болуы қажет екенін айтады.

Оның түсіндіруінше, мәселені шешу мақсатында қабылданған 2022-2025 жылдарға арналған жемшөп саласын дамытудың Жол картасы тиісті деңгейде орындалмай жатыр.

«Жергілікті атқарушы органдар ауыспалы егісте, ең алдымен суармалы жерлерде мал азықтық дақылдардың үлесін кеңейту, жайылымдық жерлерді үстірт және түбегейлі жақсарту арқылы өнімділігін арттыру және жерді жалдау шарттары бойынша жер пайдаланушыларға қойылатын талаптарды күшейту арқылы жайылым айналымын енгізу мүмкіндіктерін толық пайдаланбай отыр. Екінші жағынан, жергілікті атқарушы органдар реттейтін жемшөп шығындарының құнын субсидиялаудың қолданыстағы нормасын жүзеге асырар нақты тетіктердің болмауына байланысты, бұл нормалар шаруаларды мал азығын өндірумен айналысуға ынталандырудың орнына, көбіне оларды масылдыққа тәрбиелейді», - деп атап өтті Қарашөкеев.

Ауыл шаруашылығы ведосмствосы басшысының айтуынша, мал шаруашылығының жем-шөп базасы мәселесін шешу үшін министрлік қосымша шараларды қоса отырып, жемшөп өндірісін дамытудың 2022-2025 жылдарға арналған Жол картасын кеңейту жұмыстарын бастады.

«2022-2025 жылдарға арналған жем-шөп өндірудің жол картасы алты шарамен толықтырылған: жаңа жоғары өнімді сорттар мен будандарды енгізу арқылы жемшөптік дақылдардың өнімділігін арттыру, қартайған және сиреген көпжылдық шөптерді жаңалау және қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдау, селекциялық және тұқым шаруашылығын дамытуға кешенді жоспар әзірлеу, құрғақ аймақ жағдайында мал азығын өндірудің шетелдік тәжірибесін зерделеу, жем-шөп жинайтын техника мен суару жүйелерін сатып алуды қаржыландыру арқылы мал азығын өндіруді техникалық және технологиялық қамтамасыз ету және жемшөп өндіру бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жергілікті бюджеттен қаржы бөле отырып қаржыландыру», - деді Қарашөкеев.

Ғылыми кеңестерге сүйене отырып, субсидиялау бойынша жаңа ережені қолданысқа енгізу механизмін нақтырақ реттеу үшін жем-шөп шығындарының құнын субсидиялау ережелері нақтыланған.

Министр Үкімет отырысында жемшөп мәселесінен бөлек, ауыл шаруашылығына тартылған инвестициялар, мал шаруашылығының дамуы жайлы айтып өтті. Оның айтуынша, 2022 жылы ірі қара мал саны 4,2%-ға, қой 4,8%-ға, жылқы 10,5%-ға, түйе 6,5%-ға, құс саны 4%-ға өсті. Сонымен қатар мал шаруашылығын дамытудың сапалық көрсеткіштері де өсе түскен. Атап айтқанда, сауылған сүт мөлшері 4,7%-ға, сойылған қой салмағы 8,6%-ға, тауықтардың жұмыртқа әкелу көрсеткіші 17,2%-ға өсіпті. Жалпы 2022 жылдың қорытындысы бойынша мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі 0,9%-ға, ал осы жылдың 5 айында 3,6%-ға ұлғайған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии