Бүгін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қостанай облысының егіс алқаптарындағы шегірткеге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды World of NAN. Оның айтуынша, шегірткеден мыңдаған гектар алқаптың зардап шегіп жатқаны – жалған.
«Кеше әлеуметтік желілерде шегірткеге қатысты бір видео тарады. Ол видео Жалгелдин ауданындағы бір серіктестіктің жерінде түсірілген. Бұл ретте мыңдаған гектар егіс алқабы зардап шегіп жатыр деген қауесет шындыққа жанаспайды. Ол жерде біздің мамандар, министрлік басшылығы болды. Осы орайда дер кезінде тиісті шаралар жасалып, шегірткені улау дәрілері жеткілікті көлемде жеткізілді. Сондықтан жағдай тұрақты, 500 гектар алқап зардап шекті», – деді Е. Қарашөкеев.
Министрдің түсіндіруінше, шегірткенің таралуымен күрес жұмыстары барлық облыста іске асырылып жатыр. «Бұл жұмыстар жыл сайын атқарылады. Жағдай бақылауымызда. Сондықтан шегіртке жойылып, таралуы тоқтады. Шегіртке пайда болса, сол жерге мамандарды жіберіп, дәрі себу іске асырылады. Сондықтан әлеуметтік желілерде отырған адамдарға бір өтінішім бар: тексерілмеген, жалған ақпаратты желі арқылы таратпаңыздар деп айтқым келеді. Мәліметті Ауыл шаруашылығы министрлігі дер кезінде жариялап отырады», – дейді министр. Бұдан бұрын Қостанай облысындағы шаруалардың шегірткеден орасан зор зиян көріп отырғаны хабарланған болатын.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение