Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен осыған дейін ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды. World of NAN порталы бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ербол Қарашөкеев 2021 жылдың қыркүйегінен бастап Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарды. Оның министрлік құрған уақыты құрғақшылық жайлап, фермерлер қиындыққа тап болған кезеңге сәйкес келді. Оған ауыл шаруашылық саласында бірқатар реформалар жүргізіп, субсидиялау жүйесін ретке келтіру тапсырылды.
Дегенмен ол фермерлер тарапынан бірнеше мәрте сынға ұшыраған. Субсидияға арналған Gosagro порталындағы ақауға байланысты мыңдаған фермер қаржыландыруға қол жеткізе алмай қалды. Сонымен қатар, мал шаруашылығына субсидияның азайып кетуі көптеген шаруаның көңілінен шықпады. Биыл жазда мыңдаған гектар егістікті жайпаған шегірткелер де оның жұмысындағы кемшін тұстарды аңғартты. Жалпы алғанда, Қарашөкеев фермерлердің сынына жиі ұшырады.
Ербол Шырақбайұлы бұған дейінгі еңбек карьерасында мемлекеттік корпорацияларда, банкте, қаржы министрлігінде, ауыл шаруашылығын қолдау ұйымдарында қызмет атқарған. Облыс әкімі қызметін атқарып көрмеген.
Ал осыған дейін Жамбыл облысын басқарып келген әкім Нұржігітов Нұржан Молдиярұлы кеше президент жарлығымен Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды. Осылайша әкім министр болып тағайындалса, министр облыс әкімі болып тағайындалды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение