Қаржы министрлігі шикізатқа, оның ішінде астыққа экспорттық баж салығын енгізуді ұсынып жатыр. Осылайша ведомство фермерлер есебінен ел бюджетіне қосымша қаржы тартпақ. Бұл жөнінде World of NAN порталы АПК-Информ агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда Сыртқы экономикалық қызметтің тауар номенклатурасының 91 кодына жататын тауарларға (негізінен отын, руда, құм, тұз, жарма және қара металдардан тұратын шикізаттар) экспорттық баж салығы салынбайды.
Қаржы министрлігінің есептеулері бойынша, мұндай тауарлардың тоннасына 50 доллар мөлшерлемесі қолданылса, мемлекет бюджетіне жыл сайын қосымша 1,6 триллион теңге түседі.
Қаржы министрлігі бұл ұсыныс бюджетті толықтырып қана қоймай, ел ішінде шикізат өңдеуді арттыруға түрткі болады деп сендіреді. Дегенмен осы мәселеге Ауыл шаруашылығы министрлігінің көзқарасы өзгеше болып тұр. Министрлік Kazinform агенттігіне берген пікірінде мұндай шаралар отандық фермерлерге зиян тигізетінін айтты.
«Баж салығын енгізу саланың жай-күйіне және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қаржылық жағдайына кері әсер етуі мүмкін деп есептейміз. Осыған байланысты бұл мәселе мүдделі салалық қауымдастықтармен және кәсіподақтармен пысықталуда, содан кейін министрліктің ұстанымы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жіберіледі», – деді АШМ.
Айта кетерлігі, Қаржы министрлігі баж салығына қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Алайда нарық қатысушылары осындай ұсыныс барын жиі айта бастады. Сонымен қатар АШМ-ның жоғарыдағы жауабын ескерсек, Қаржы министрлігі шынымен де шикізатқа баж салығын енгізуге ниетті екенін байқауға болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение