Мәзір

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның азық-түлік тәуелсіздігін нығайтуды тапсырды

12.10.2023
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның азық-түлік тәуелсіздігін нығайтуды тапсырды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен кеше Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті. Президент үкіметке мемлекеттің азық-түлік тәуелсіздігін нығайтуды тапсырды. Бұл жөнінде World of NAN порталы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Мемлекет басшысы жиын соңында Үкімет пен уәкілетті органдарға азық-түлік тәуелсіздігін нығайту, азық-түліктің экономикалық тұрғыда қолжетімді болуын арттыру және отандық агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін анағұрлым толық іске асыру жөнінде нақты тапсырмалар берді», – дейді ведомство хабарламасында.

Президент азық-түлік өнімдерін өндіру мен өткізудің барлық кезеңдерінде баға белгілеудің ашықтығы мен өнімсіз делдалдармен күрестің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, азық-түліктің физикалық қолжетімділігі еңбек өнімділігінің өсуімен, ауыл шаруашылығы мен отандық аграрлық ғылымды жаңғыртумен тығыз байланысты.

Ол ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдау шараларына ерекше назар аударды.

«Субсидиялау агроөнеркәсіп кешеніндегі өнімділікті арттыруға ықпал етуге тиіс. Субсидияны бөлу кезінде өңірлік ерекшеліктерді, егіс алқаптарының көлемін және ауыл шаруашылығы дақылдарын таңдауды ескерген жөн», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ ауыл шаруашылығы өндірісін инфрақұрылымдық қамтамасыз ету (ауылдық жерлерде жұмыс орындарын құру, фитосанитарлық және ветеринарлық қорғау жүйесінің тиімділігін арттыру) арнайы мәселе ретінде қарастырылып өтті. Бұл ретте құқық қорғау органдарына субсидия мен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді бөлу кезіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жалғастыруды тапсырды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии