26 маусымда «ҚазАгроҚаржы» АҚ бірнеше бағдарлама бойынша жеңілдетілген лизинг өтінімін қабылдауды бастаған болатын. Осы уақыт аралығында қазақстандық фермерлерден жалпы сомасы 41,6 млрд теңгені құрайтын 1149 өтінім келіп түсті, деп хабарлайды World of NAN.
Бір ай бұрын «Өз жем-шөбіміз», «Қазақстанда жасалған», «Жасыл өнім» және «Жеңілдікті лизинг» бағдарламаларына өтінім қабылдау басталған. Осы бағдарламаларға 46,6 млрд теңге бөлінді. Соманың 20 млрд теңгесі – «Өз жем-шөбіміз», 15 млрд теңгесі – «Қазақстанда жасалған», 10 млрд теңгесі – «Жасыл өнім» және 1,6 млрд теңгесі – «Жеңілдікті лизинг» бағдарламалары үшін қарастырылған.
Айта кетейік, «Қазақстанда жасалған» бағдарламасына берілген өтінімдер бойынша клиенттер құжаттарды ұсынбай, сондай-ақ өтінім беру кезінде дұрыс емес деректерді енгізгендіктен, бөлінген лимит шеңберінде 7 млрд теңге мөлшерінде қаражат бос қалған еді. Осыған байланысты 24 шілде күні «Қазақстанда жасалған» бағдарламасы аясында өтінімдер қайта қабылдана бастады.
Осыған дейін қазақстандық фермерлер лизингтік бағдарламаға бөлінген қаражат мөлшері шаруашылықта қолданылып жатқан техниканы толығымен жаңартуға әлі де жеткіліксіз екенін айтқан болатын. Сонымен қатар жаңа техниканы алу үшін лизинг уақытын 10 жылдан – 15 жылға дейін, қолданылған техниканы алуға лизинг мерзімін 7 жылдан – 10 жылға дейін ұзартуды сұраған еді.
Ұйымның хабарлауынша, 2023 жылы ҚазАгроҚаржы жеңілдетілген лизингке шамамен 57 млрд теңге бағыттауды жоспарлап отыр. Жеңілдікті бағдарламалар бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% құрайды. Бағдарламалардың кімдерге арналғанын және несие шарттары жайлы толығырақ ақпаратты ҚазАгроҚаржы сайтынан (kaf.kz) немесе аймақтық филиалдарынан алуға болады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение