2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университетінің оқытушылары жалақысы елу пайызға артатын болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Вице-президенті Ақылбек Күрішбаевтың төрағалығымен Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университетінің Басқармасының отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды World of NAN.
Оқытушылардың жалақысын көтерумен қатар, енді рейтинг жүйесі негізінде ПОҚ ұжымының белсенді бөлігінің жалақысына арнайы үстеме ақы төленетін болады. Университеттің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, осылайша жоғары оқу орнына жаңа басшылық келген 9 айдың ішінде профессорлық-оқытушылық құрамның нәтижелі жұмыс істеуі үшін барлық қажет жағдай жасалып, олардың еңбекақысы кезең-кезеңімен 100 пайызға көтерілді.
Сонымен қатар, ынталандыру төлемдерінің есебінен (сіңірген еңбегіне қарай) факультет декандары, декан орынбасарлары мен кафедра меңгерушілерінің жалақысы да 42 пайызға дейін өсетін болады.
«Біздің мақсатымыз – университетіміздің ғылыми қоғамдастықтағы беделін арттыру және оқытушы қызметкерлердің жалақысын еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының деңгейіне көтеру, сол арқылы әділ де, бәсекеге қабілетті университет қалыптастырудың негізін қалау. Алдағы жылдары ҚазҰАЗУ өз қызметінің құрылымы мен мазмұны жағынан әлемдік деңгейдегі заманауи зерттеу университетіне айналатынына сенімдіміз», – дейді университет басшысы Ақылбек Күрішбаев.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение