Мәзір

Қазақстан астығын Қытайға тасымалдау 4 есеге артты

20.07.2023
Қазақстан астығын Қытайға тасымалдау 4 есеге артты

Биылғы астық маусымының тоғыз айында (2022 жылдың қыркүйегінен 2023 жылдың маусымына дейін) астық тасымалы 2021-2022 жылдардағы астық тасымалымен салыстырғанда 29%-ға өсіп, 9,8 млн тоннаны құраған. Бұл туралы World of NAN порталы ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

8 млн тоннадан астам астық экспортқа бағытталған, бұл өткен маркетингтік жылдың деңгейінен 33%-ке артық. Ұнтақ өнімдерін тасымалдау 28%-ға, яғни 2,7 млн тоннаға дейін өсті. Экспорт 31%, 2,1 млн тоннаға дейін артты.

ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық астық пен ұнтақ өнімдерін өткізудің негізгі нарықтары дәстүрлі түрде Орталық Азия елдері, Ауғанстан, Иран, Ресей және ҚХР болып келеді. Тоғыз ай ішінде Өзбекстанға астық тасымалы - 31%, Тәжікстанға - 30%, Ауғанстанға 48% ұлғайды. Ал Қытайға астық тасымалы 4 есеге, 1,1 млн тоннаға дейін өсіпті. Ұнтақ өнімдерін ҚХР-ға тиеу 3 есеге, 344 мың тоннаға дейін ұлғайды.

Компанияның баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, ҚТЖ-ның негізгі басымдықтарының бірі маршруттық тасымалдарды дамыту болып қала береді. Соның арқасында вагон айналымын жеделдету, техникалық станцияларда вагондарды қайта өңдеу көлемін азайту, жүктерді жеткізу мерзімдерін қысқарту қамтамасыз етіліп отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии