Мәзір

Қазақстан аумағына теміржол арқылы бидай әкелуге тыйым салынады

18.08.2023
Қазақстан аумағына теміржол арқылы бидай әкелуге тыйым салынады

Қазақстан өзге мемлекеттерден тек автомобиль арқылы емес, енді теміржол арқылы да астық әкелуге тыйым салады. Ауыл шаруашылығы министрлігі Ашық НҚА порталына ҚР аумағына автомобиль және теміржол көлігімен бидай әкелуге тыйым салуды енгізу туралы бұйрықтың құжатын жариялады, деп хабарлайды World of NAN.

Ашық НҚА порталындағы бұйрықта Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен автомобиль көлігімен де, теміржол арқылы да бидай әкелуге тыйым салынатыны жазылған.

Айта кетерлігі, бұйрықта лицензияланған элеваторлардың, астық өңдеушілердің, құс шаруашылығы кәсіпорындарының атына темір жол көлігімен бидай әкелуге рұқсат етілген. Осыдан бірнеше күн бұрын Павлодар облысының шекараға жақын аудандағы ұн тартушылары автокөлікпен бидай әкелуге рұқсат беруін сұраған еді.

Ал Қазақстанның астық өндірушілері болса Ресейден келетін көлеңкелі импортқа шектеу қоюын талай уақыттан бері сұрап келді. Ресей астық келісімінен шыққан соң Қазақстанға жөнелтілген астық көлемі ұлғайып, жемдік бидайдың бағасы тоннасына 52 мың теңгеден 42 мың теңгеге дейін түсті. Бидайдың басқа түрлерінің де бағасы алдыңғы жылғы бағалармен салыстырғанда арзан. Өйткені Қазақстанда астықтың былтырдан қалған мол қоры бар, оның үстіне Ресейден арзан бидай ағылып жатыр. Осыған байланысты Қазақстан билігі автокөлікпен Ресейден астық тасымалдауға шектеу қойып, осыдан бір апта бұрын шектек мерзімін тағы жарты жылға ұзартқан еді.

Осыған дейін сарапшылар бидайдың бағасы тағы бір жыл көлемінде арзан болатынын айтқан.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии