Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқасын әкелуге тыйым салуды енгізу туралы бұйрық мәтінін жариялады, деп хабарлайды World of NAN.
Бұйрық жобасында көрсетілген мәліметтерге сәйкес, құжат «Сауда қызметін реттеу туралы», «Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздігі туралы» Заңдарға, сонымен қатар Еуразиялық экономикалық одақтың шарттарына сай әзірленген.
Құжатта ведомство басшысының мынадай бұйрығы берілген:
«Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқасын (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатуралық коды: 040721) әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін».
Бұйрық 2024 жылдың 1 наурызына дейін Ашық НҚА порталында жария талқылауда болады.
Құжатта бұйрықтың 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енетіні жоспарланғаны жазылған.
Осыған дейін Қазақстанның құс өсірушілер одағы «Қазақстанның шекаралас аймақтарына контрабандалық азық-түлік жұмыртқасының ағылып жатқаны туралы» бірнеше рет мәлімдеген еді. Одақ басшысы Руслан Шәріповтың айтуынша, Ресей Федерациясынан импорттық контрабанда мәселесі жыл сайын көтеріледі, бірақ Қазақстан тарапы ешқандай шара қолданбайды. Дегенмен импорттық жұмыртқаға шектеу қою бағаның көтерілуіне апаруы мүмкін.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение