Азия даму банкі Қазақстан өңірлерінде аграрлық логистикалық орталық салу жобасына инвестиция құяды. Жоба бастамашылары ауыл шаруашылығы өндірушілерінің көптеген проблемасы осылайша «қауіпсіз шешілетін болады» деп есептейді. Бұл туралы World of NAN порталы «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының баспасөз хабарламасына сілтеме жасай отырып айтады.
Баспасөз хабарламасындағы ақпарат бойынша, агрологистикалық орталықтар агроөнеркәсіп саласындағы көптеген мәселені шешеді. Орталықтар республиканың барлық аймағында ашылады. Жобаны Азия даму банкі қаржыландырады.
Еліміздің түкпір-түкпірінде заманауи көкөніс қоймалары ашылып, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін соңғы технологиялар енгізіледі. Қазіргі уақытта төрт кәсіпкерлік субъектісімен Оралда төрт көкөніс қоймасын салу бойынша меморандумға қол қойылған.
Хабарламада агрологистикалық орталық іске қосылса, ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуеті айтарлықтай артатыны айтылады. Оның үстіне, трансшекаралық сауда дамиды деп болжауға болады.
Агрологистикалық орталықтың тұрғындарға пайдасы – ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген қажеттілік барынша қанағаттандырылады, осылайша еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға мүмкіндік туады.
Бұлардың барлығы Батыс Қазақстан облыстық «Атамекен» кәсіпкерлер палатасында өткен шарада айтылды. Шараны республикалық кәсіпкерлер палатасының агроөнеркәсіптік кешен және тамақ өнеркәсібі жөніндегі кеңесі «AQJAIYQ» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп ұйымдастырды. Оған облыс әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев, уәкілетті органдардың басшылары, мемлекеттік кірістер департаментінің, полиция департаментінің өкілдері және т.б. қатысқан.
«Какая-то часть проблем вызвана природными явлениями, какая-то — ограничениями возможностей хранения и переработки урожая, что-то не удается разрешить из-за отсутствия финансирования. Открытие Агрологистического центра даст возможность руководству области привлечь к развитию отрасли инвесторов, тем самым создав условия для успешной реализации в регионе привлекательных инвестпроектов», – отметил первый заместитель акима области.
«Мәселелердің кейбірі табиғат құбылыстарынан туындаса, кейбірі егінді сақтау мен өңдеу мүмкіндіктерінің шектеулі болғанынан туындап отыр. Қаржыландыру болмағандықтан бірдеңені шешу мүмкін емес. Агроорталықтың ашылуы облыс басшылығына саланы дамытуға инвесторлар тартуға мүмкіндік береді, сол арқылы тартымды инвестициялық жобаларды өңірде сәтті жүзеге асыруға жағдай жасайды», – деді облыс әкімінің бірінші орынбасары.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение