2022-2023 жылғы астық маусымы толық аяқталып, түбегейлі статистика шықпағанына қарамастан, Қазақстан бидай экспорты бойынша рекорд орнатып үлгерді. Ресми статистикаға сәйкес, биылғы астық маусымының 11 айында (қыркүйектен шілдеге дейін) Қазақстан сыртқы нарыққа 7,31 миллион тонна бидай жеткізген. Бұл соңғы бірнеше маусымдағы абсолюттік рекорд. Осы жөнінде World of NAN порталы АПК-Информ агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Салыстыру үшін айтар болсақ, 2021-2022 жылдың сәйкес кезеңінде Қазақстан 5,52 млн тонна бидай экспорттаған, ал 2020-2021 жылы – 5,6 млн тонна бидай экспортталды.
Биылғы жылдың экспорттық өсімі негізінен Өзбекстанның есебінен болды, ол Қазақстан астығының бас импортшысы болып қалып қана қоймай, сатып алу көрсеткішін айтарлықтай арттырған. Биылғы маусымның 11 айында Қазақстаннан Өзбекстанға 3,61 миллион тонна бидай экспортталды, бұл рекордтық көрсеткіш болып саналады. Өткен маусымдардың дәл осы кезеңінде бұл сан 3 миллион тоннадан аспаған (2021/22 ж. – 2,48 миллион тонна, 2020/21 ж. – 2,9 миллион тонна, 2019/20 ж. – 2,15 миллион тонна, 2018/19 ж. – 2,13 миллион тонна). миллион тонна).
Ал Тәжікстан биылғы астық маусымының қыркүйек-шілде айларында 976 мың тонна Қазақстан бидайын импорттады. Бұл көрсеткіш те айтарлықтай жоғары, 2018-2019 жылғы экспорт қана одан көбірек болған (987 мың тонна).
Биылғы маусымның 11 айында Ауғанстанға 741 мың тонна қазақстандық бидай экспортталды, бұл да рекордтық көрсеткіш.
Сонымен қатар, Түркіменстанға да экспорт 448 мың тоннаға дейін ұлғая түскен (бұл кейінгі 5 маусымдағы ең жоғары көрсеткіш).
Сондай-ақ Қытайдың қазақстандық бидайды сатып алуы 344 мың тоннаға дейін өскені байқалды. Алайда бұл көлем 2018-2019 жылдағы (393 мың тонна) көрсеткішке жете қоймады.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение