«Қазақстанның астық өңдеушілер мен нан пісірушілері одағының» төрағасы Евгений Ганның айтуынша, біздің еліміз көршілес елдерге астық пен ұнды тең жағдайда сату арқылы ол елдерде ұн тарту өнеркәсібінің дамуын ынталандырып жатыр. Осылайша өзімізге қауіп төндіріп тұрмыз. Бұл туралы World of NAN порталы inbusiness.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Евгений Ганның түсіндіруінше, осыдан бірнеше жыл бұрын Қазақстан Орталық Азиядағы ең ірі ұн жеткізушісі болған. Бірақ қазір жағдай өзгеріп, енді Өзбекстан да астық өңдей бастады. Одан бөлек, Ресей Федерациясы да нарыққа ірі көлемде жеткізе бастаған.
Оның айтуынша, Қазақстан жыл өткен сайын нарықтарынан айырылып жатыр, бірер жыл бұрын біз Тәжікстанға 400 мың тонна өнім берсек, қазір оның көлемі 60-70 мың тоннаға дейін төмендеген. Кейінгі жылдары Өзбекстанға ұн жеткізу 1,2 млн тоннадан 400 мың тоннаға дейін түскен.
Қазір ұн тартушыларды Ауғанстан нарығы ғана құтқарып тұр. Оның өзі Ауғанстанның негізгі жеткізушісі – Пәкістандағы проблемаларға байланысты болып отыр. Дегенмен Ауғанстан да былтыр өз диірмендерін тұрғыза бастаған. Ганның сөзінше, біз көрші елдерге астық пен ұн екеуін бірдей экспорттау арқылы ол жақтағы ұн өндірісінің дамуына үлес қосып, өзімізге ор қазып келеміз. Оның айтуынша, проблема Қазақстанда өңдеуге жүйелі көзқарастың болмауынан туындап отыр.
«Біздің Ауыл шаруашылығы министрлігі экспорттық әлеуетті дамытуға ден қойған жоқ, оның алдында елді азықтандыру міндеті тұр. Ұн тартушылардың мүддесі Сауда министрлігінде және басқа да ведомстволарда шоғырланған. Көптен бері айтып келемін, экспортқа бағытталған өндірістерді бір ядроға біріктіру қажет. Мысалы, Қытай нарығына жеке компаниялар емес, жоғары сапалы өнімімен бір ғана мемлекет шығуы керек. Сонда табысқа жетеміз», - дейді Евгений Ган.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение