Мәзір

Фермерлерге суармалы егістік суы сәуір айында беріле бастайды

26.02.2024
Фермерлерге суармалы егістік суы сәуір айында беріле бастайды

«Қазсушар» мекемесі 2024 жылдың вегетация маусымына 19 мыңнан астам тұтынушымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр. Барлық өңірлер бойынша сәуір айынан суармалы су беріле бастайды. Бұл туралы World of NAN су ресурстары министрлігіне сілтеме жасай отырып хабарлайдыү.

Биылдан бастап еліміздің оңтүстігіндегі бірқатар шаруалар үшін суармалы су беру қызметінің құны арзандады. Себебі, 2024 жылғы вегетациялық кезеңге дайындық аясында «Қазсушар» мекемесі тұтынушылармен тікелей келісім-шартқа отырып жатыр. Бұл ортадағы делдалдарды алып тастауға мүмкіндік береді. Тиісінше бірқатар тұтынушылар үшін қызметтердің құнын арзандатады.

Бүгінгі күні «Қазсушар» оңтүстік аймақтағы 1740 шаруа қожалығымен су беру бойынша келісім-шарт жасады. Қалған өңірлерде шартқа отыру жұмыстары наурыз айында басталады.

«Су ресурстары және ирригация министрлігі биылдан бастап ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен тікелей келісім-шартқа отыра бастады. Осы арқылы министрлік шаруаларға су беру қызметінің құнын арзандатуға ниетті. «Қазсушар» мекемесі 2024 жылдың вегетация маусымына 19 мыңнан астам тұтынушымен келісім-шартқа отыруды жоспарлап отыр. Барлық өңірлер бойынша сәуір айынан суармалы су беріле бастайды»,- дейді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии