Қазақстан мен Италия «Made in Kazakhstan with Italy» бірыңғай брендімен өнім шығаруы мүмкін. Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев пен «Италияда жасалған» кәсіпкерлік және өнім істері министрі Адольфо Урсо кездесу өткізіп, осы мәселені талқылады. Бұл туралы World of NAN ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Арман Шаққалиев айтуынша, Қазақстан мен Италия арасында өзара тиімді ынтымақтастықтың табысты тәжірибесі қалыптасты. Сонымен қатар, экономикалық саладағы әріптестікті одан әрі тереңдету үлкен мүмкіндіктер бар.
«Қазақстаннан Италияға өңделген өнім экспортының әлеуеті 260 млн доллардан асады. Органикалық тамақ өнiмiнiң айтарлықтай артықшылығы бар. Біздің болжауымызша, Италия нарығында сұранысқа ие тауарлардың бірі – ол жылқы еті. Қазақстан органикалық салқындатылған жылқы етін, сондай-ақ уылдырық пен балдың экспорттық жеткізілімін ұсына алады», - деді министр.
Жыл сайын Италия 140 млн доллардан астам сомаға жылқы етін импорттайтынын ескерсек, қазақстандық компаниялар итальяндық сатып алушыларға сапалы ет жеткізе алар еді.
2024 жылғы қаңтарда Қазақстан мен Италия мемлекет басшылары арасында қол жеткізілген келісімдер жалғасында Арман Шаққалиев «Made in Kazakhstan with Italy» бірыңғай тұжырымдамасын құру және ілгерілету мәселесін пысықтауды ұсынды. Бұл сауда маркасын Италия мен Қазақстанның ШОБ бірлесіп шығарған тауарлар үшін пайдалануға болады.
Италияның Кәсіпкерлік және өнім істері министрі Адольфо Урсо бірыңғай бренд құру бастамасын қолдады. Министрдің пікірінше, өндіруші «Қазақстанда жасалған» белгісімен өнім шығару үшін, ол, бірінші кезекте, өз өнімдерінің басқа брендтерден ерекшелігін атап өтуі керек.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение