Қазақстанда агроөнеркәсіп кешенін дамыту және су ресурстарын басқарудағы израильдік тәжірибені қолдану перспективаларын премьер-министр Әлихан Смайылов пен Израиль-Қазақстан сауда-өнеркәсіп палатасының төрағасы Майкл Роэ талқылады. Бұл туралы World of NAN порталы primeminister.kz сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Біз израилдік технологияларды зерттеуге және оларды агроөнеркәсіп кешенін дамытуға серпін беру үшін тартуға дайынбыз. Суару және су үнемдеу мәселелері де өте өзекті. Біз мемлекеттің осы салаға бағыттап отырған қаражатының тиімділігін арттырып, нақты нәтижелерге қол жеткізгіміз келеді», — деді премьер-министр.
Бұл ретте, ол әрбір деңгейді жеке қарап, қажетті түзетулер енгізіп отыру үшін бүкіл өндірістік циклді ескеру маңызды екенін айтты.
«Мысалы, агрегаттар құрастыру, машина жасау және басқа да жабдықтарды өзімізде шығару үшін мемлекет тарапынан қандай қолдау шаралары болуы керек, ғылым, білім және өндіріс салаларынан қандай қолдау қажет болады. Мұның барлығын кешенді түрде қарастыру керек. Біз бұл бағыттар бойынша бірлесіп жұмыс істеуге дайынбыз», — деді Әлихан Смайылов.
Өз кезегінде Михаэль Роэ Қазақстанның ішкі нарық қажеттіліктерін толығымен өтеуге әлеуеті жеткілікті екенін және АӨК-ті дамытудың кешенді тәсілі арқылы жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге зор үлес қоса алатынын атап өтті. Ол Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде ауыл шаруашылығы саласында израилдік агротехнологиялар мен су ресурстарын басқару әдістерін қолдануға кешенді қолдау көрсетуді ұсынды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение