Мәзір

Қазақстан көміртегі бағасының жаһандық бастамасына қосылды: бұл АӨК үшін нені білдіреді?

04.05.2024
Қазақстан көміртегі бағасының жаһандық бастамасына қосылды: бұл АӨК үшін нені білдіреді?

Қазақстан көміртегіге баға белгілеу жөніндегі жаһандық бастамаға (GCPC) серіктес ретінде қосылды. World of NAN бұл қадам еліміз үшін нені білдіретінін және болашақта ауыл шаруашылығында қандай өзгерістер болуы мүмкін екенін түсіндіреді.

Көміртегі бағасының жаһандық бастамасы алға қойған мақсат – 2030 жылға қарай жаһандық парниктік газдар шығарындыларының 60%-ын баға белгілеу жүйесімен қамту. Мұндай бастаманы Канада премьер-министрі Джастин Трюдо БҰҰ-ның климаттың өзгеруі жөніндегі конференциясы – COP26 кезінде жариялаған.

«Қазақстанның парниктік газдар шығарындыларын азайтуға және біздің шығарындылар саудасы (ETS) жүйесі арқылы экологиялық таза технологияларды ілгерілетуге деген ұмтылысы жаһандық климаттың өзгеруіне қарсы күреске белсенді көзқарасымыздың айғағы болып табылады» – деп, Экология министрі Ерлан Нысанбаев еліміздің бұл ұйымға қосылуының маңызын түсіндірді.

Бүгінде бастамаға Қазақстаннан бөлек Канада, Чили, Дания, ЕО, Германия, Жаңа Зеландия, Норвегия, Корея Республикасы, Швеция, Ұлыбритания және Кот-д’Ивуар мүше.

Еліміздің мұндай бастамаға қосылуы нені білдіреді және мұның ауыл шаруашылығына қандай қатысы бар?

Парник газдарының шығарындыларына баға белгілеу – парниктік газ шығарындыларының квотасын саудалаудың алғашқы қадамы. Ал квоталық сауда жүйесін былай түсіндіруге болады: болашақта компаниялардың қоршаған ортаға бөлетін парниктік газдарына лимит белгіленетін болады. Белгіленген шектен асқан компанияға айыппұл салынады немесе ол компания жасыл технологияларды енгізе отырып өз лимитін үнемдеген басқа компаниядан карбон квотасын сатып алатын болады. Осылайша  шығарындыны қысқартқан ұйымдар қосымша табыс табуға мүмкіндік алады.

Қазақстанның әлемдегі санаулы мемлекет мүше мұндай бастамаға қосылуы еліміздің көміртегі шығарындыларын квоталауға шындап кірісе бастағанын білдіреді. Бұл дегеніміз тап қазір болмаса да, алдағы жылдары көміртегі шығарындыларына бақылау күшейетінін, парниктік шығарындыларды азайтатын технологияға сұраныс артатынын білдіреді.

Әлемдегі парник шығарындыларының 24 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі. Қазақстанның көміртегі квотасы бойынша Ұлттық жоспарына әзірше ауыл шаруашылығы енбеген. Алайда көміртегі шығарындыларының елеулі бөлігі осы салаға тиесілі екенін ескерсек, алдағы уақытта парник шығарындыларын қадағалау фермерлерге де жетуі мүмкін. Ғаламшардың экологиясы үшін ғана емес, шығындарды қысқартып, табысты арттыра түсу үшін де карбон шығарындыларын азайтуға фермерлердің қазірден көңіл бөле бергені жөн.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии