Майлы дақылдарды қайта өңдеушілердің Ұлттық қауымдастығы (МДҚҰҚ) мен Қазақстанның бірқатар май зауыттары қытайлық компаниялармен $59,8 млн сомаға май өнімдерін жеткізу жөнінде келісімшартқа отырды. МДҚҰҚ басшысы Ядықар Ибрагимовтың айтуынша, Үрімжідегі (ШҰАР) «Қытай-Еуразия: тауар және сауда» халықаралық көрмесі аясында келісімдерге қол қойылған. Бұл туралы World of NAN порталы АПК-Информ агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Атап айтқанда:
- МДҚҰҚ Alashankou Mancheng grain and Oil Trading Co. Ltd компаниясына 10 млн доллар сомасында май өнімдерін жеткізу туралы келісімге келді;
- «Шымкентмай» АҚ және «PCD Group» ЖШС қытайлық Xingjiang chujia grain and oil processing Co. Ltd компаниясымен 20 млн АҚШ доллары көлемінде май өнімдерін жеткізу жөнінде экспорттық келісімге қол қойды;
- «EFKO Kazakhstan» ЖШС Қытайдың Urumgi Land Port компаниясына 6,6 млн долларлық, сондай-ақ Xingjiang Hongshen компаниясына 2,2 млн доллар сомасында өсімдік майын жеткізеді;
- «Өскемен май зауыты» ЖШС қытайлық Tempro Limited Liability Partnership компаниясына 1 млн доллар көлемінде май өнімдерін жеткізуге келісім-шартқа отырды.
МДҚҰҚ басшысы Ядықар Ибрагимов осыдан бірнеше апта бұрын алдағы 3 жылда Қазақстаннан Қытайға май өнімін экспорттау әлеуетін 300 млн долларға бағалаған болатын.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение