Жаңа инвестициялық қор Әзірбайжан мен Қазақстанның Каспий теңізіндегі порттарының инфрақұрылымын дамытуға көмектеседі. Бұл жөнінде World of NAN Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Әзірбайжан мен Қазақстан екі елдің Каспий теңізіндегі порттарын дамытуға көмектесетін бірлескен инвестициялық қор құру туралы шешім қабылдады. Бұл Астанада өткен Қазақстан-Әзербайжан үкіметаралық комиссиясының 20-шы отырысында ҚР Көлік министрлігінің басшысы Марат Қарабаевтың мәлімдемесінде белгілі болды. Іс-шараға Әзірбайжан делегациясын Энергетика министрлігінің басшысы Парвиз Шахбазов бастап әкелді.
«Бүгінгі кездесуіміздің мазмұнды өтуі үшін сапалы дайындық жұмыстарын жүргізе алдық. Бұл бауырлас халықтар арасындағы достық және сенімнің бірден бір дәлелі іспеттес. Осы ретте Мемлекет басшылары қол қойған Қазақстан мен Әзербайжан Республикасы арасындағы 2022-2026 жылдарға арналған кешенді бағдарлама екіжақты қатынастардың дамуына ерекше үлес қосатынына сенім мол», – деді Марат Қарабаев.
Өткен жылы екі ел арасында жүк тасымалдау көлемі 1,5 есеге ұлғайып, 4,3 млн тоннаны құрады. Транскаспий халықаралық көлік бағыты туралы айтар болсақ, 2023 жылы тасымалдау көлемі 65%-ға ұлғайып, 2,8 млн тонна жүкті құраған. Биыл аталған халықаралық көлік бағыты бойынша тасымалдау көлемін тағы 43 пайызға ұлғайту көзделіп отыр.
Министр атап өткендей, алдағы уақытта «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен Әзербайжан инвестициялық холдингі арасында құрылып жатқан Қазақстан-Әзербайжан инвестициялық қоры қаржыландыруы мүмкін маңызды инфрақұрылымдық жобалар жоспарланып отыр.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение