Мәзір

Қазақстан мен Беларусь бірлескен ауыл шаруашылық өнеркәсібін одан әрі дамытпақ

26.09.2023
Қазақстан мен Беларусь бірлескен ауыл шаруашылық өнеркәсібін одан әрі дамытпақ

Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко кездесу өткізді. Роман Головченко екі елдің бірлескен кәсіпорындары қазірдің өзінде Қазақстанда жылына 10 мың трактор, мыңға дейін комбайн шығара алатынын айтты. Алдағы уақытта құны 100 млн долларлық 4 бірлескен жоба іске асырылмақ. Бұл туралы World of NAN порталы премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Премьер-министр баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы бірдескен өнеркәсіп екі ел серіктестігінің негізгі қозғаушы күші болып отыр. Қазірдің өзінде құны 180 млн долларға жуық 8 жоба жүзеге асырылып, соның негізінде Қазақстанда 1400 жаңа жұмыс орны ашылған. Одан бөлек, құны 19 млн долларды құрайтын 2 жоба іске асыру сатысында тұр.

Қазақстан мен Беларусь ведомстволары алдағы уақытта 800-ге жуық жұмыс орнын құру арқылы құны 100 млн доллардан асатын тағы 4 жобаны іске қосу бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.

«Қазақстан индустриялық ынтымақтастықты дамытуға, жаңа бірлескен жобаларды іске асыруға және қолданыстағы өндіріс орындарының қуатын кеңейтуге мүдделі», — деді Әлихан Смайылов.

Өз кезегінде Беларусь премьер-министрі де серіктестікке оң баға беріп өтті. «Бүгінде бірлескен өндірістік қуаттар қазірдің өзінде Қазақстанда жылына 10 мың трактор мен 1 мыңға дейін комбайн шығаруға мүмкіндік береді. Біз бұл жобаларға алдағы уақытта да қолдау күтеміз», — деді Роман Головченко.

Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Мәжіліс депутаты Ерболат Саурықов премьер-министрге жолдаған депутаттық сауалында Қазақстанда жиналған ресейлік және беларусьтік техника 2019 жылдан бері 2 еседен астам қымбаттағанын айтқан болатын. Ол техника өндірушілердің мұндай бірлескен кәсіпорындары кедендік салымнан, қосылған құн салығынан, утилизациялық алымнан босатылғанын, бұған қоса оларға индустриалық аймақтардағы қойма мен өндірістік нысаналар, қажетті инфрақұрылымға (газ, жарық, су, жол) қосылу тегін екенін айтқан еді.

Үкімет басшыларының кездесуі «ИННОПРОМ. Қазақстан» халықаралық өнеркәсіп көрмесі қарсаңында өтті.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии