Мәзір

Қазақстан мен Германия аграрлық саладағы әріптестігін нығайтпақ

17.11.2023
Қазақстан мен Германия аграрлық саладағы әріптестігін нығайтпақ

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Германияның Федералды азық-түлік және ауыл шаруашылығы министрлігі бүгін бірлескен мәлімдеме жариялады. Екі мемлекеттің үкіметтері Герман-Қазақ аграрлық-саяси диалогы екіжақты кооперациялық жобасы аясында әріптестікті нығайта түспек. Бұл туралы World of NAN порталы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Министрлік хабарламасында 15-17 қарашада Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр бастаған қазақстандық делегация Берлинге іссапармен барғаны айтылған.

Екі тараптың кездесулерінде Қазақстан мен Германия ынтымақтастығының басым бағыттары - тұқым шаруашылығы мен өсімдіктерді қорғау, цифрлық егіншілік пен ауыл шаруашылығы инновациялары екенін атап өтілген.

Сонымен қатар, министрлік хабарламасында Германия агробизнес альянсының директоры, доктор Пер Бродерсенмен келіссөздер жүргізіліп, тұқым және тыңайтқыштар өндірісі талқыланғаны айтылған. Кездесу қорытындысы бойынша Альянспен меморандумға қол қойылды.

2023 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Қазақстан мен Германия арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің тауар айналымы 94 миллион долларды құрады, Қазақстаннан Германияға экспорт көлемі 23,5 миллион долларды, Германиядан Қазақстанға импорт 70,3 миллион долларды құрады.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии