Мәзір

Қазақстан мен Катар 200 млн долларға бидай өңдеу зауытын салады

25.12.2023
Қазақстан мен Катар 200 млн долларға бидай өңдеу зауытын салады

Қазақстан мен Катар Ақмола облысында бидай өңдеу зауытын тұрғызуды жоспарлап отыр. Бұл жоба туралы Премьер-министр Әлихан Смайылов Катардың Қазақстандағы елшісі Абдулазиз бен Сұлтан Аль-Румейхимен кездесуінде мәлімдеді, деп хабарлайды World of NAN.

Премьер-министрдің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазіргі уақытта жобаның тұжырымдамасы мен серіктестік шарттары пысықталып жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, жобаны Hassad Food холдингі ірі технологиялық серіктестерді тарта отырып жүзеге асыруда.

Әлихан Смайылов атап өткендей, Катар Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық әріптесі. Осы жылдың қазан айында Дохада Қазақстан-Катар жоғары деңгейдегі бірлескен комиссиясының 6-шы отырысы сәтті өтті. Сондай-ақ екі елдің 150-ден астам кәсіпкерінің қатысуымен бизнес-форум ұйымдастырылған.

«Аталған іс-шаралар біздің сауда-экономикалық байланыстарымыздың кеңеюіне айтарлықтай серпін береді. Айта кету керек, былтыр біздің экономикаға тартылған Катар инвестициясының көлемі үш есе өсті. Сондай-ақ 10 айда тауар айналымының көлемі шамамен үш есеге өсті. Десе де, сауда және инвестициялық әріптестікті арттыруға әлі де әлеует бар екені анық. Біз қолда бар мүмкіндіктерді кеңейтуге мүдделіміз. Қазіргі таңда агроөнеркәсіптік кешенде бірқатар жобаларды бірлесіп жүзеге асыру перспективалары бар екенін ерекше ықыласпен атап өткім келеді», — деді премьер-министр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии