Қазақстан және Румыния теміржол компаниялары теміржол саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға келісті. Алдағы уақытта Транскаспий халықаралық дәлізі одан әрі кеңейе түспек. Бұл жөнінде World of NAN ҚТЖ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Астана қаласында өткен кездесуде Румыния теміржол саласының өкілі CFR Marfa компаниясы Қазақстан Республикасының көлік-логистика саласын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Еуропа елдері бойынша жүктерді одан әрі тарату торабы - Констанца портынан Будапештке дейінгі маршрутта KTZ Express-тің қатысуын кеңейту қажеттілігіне баса назар аудара отырып, Транскаспий халықаралық көлік бағдарын (ТХКБ) дамыту мәселелеріне назар аударылды.
KTZ Express және CFR Marfa Бірлескен жобаларды одан әрі іске асыру үшін ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение