Өткен аптада Бакуде қазақ-әзербайжан ауыл шаруашылық бизнес-форумы өтті. Оған ондаған компания қатысып, Қазақстан астығын Әзербайжанға жеткізу, екі ел арасындағы сауданы дамыту және инвестиция құю мәселелерін талқылады. Бұл жөнінде World of NAN порталы kazinform агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
«Қазақстан Әзербайжанның жеміс-жидек, көкөніс, жаңғақтарына қызығушылық танытып отыр. Ал біздің ел Әзербайжанға астық өнімдерін, май және т.б. жеткізе алады. Форумға Әзербайжан мен Қазақстаннан 60-қа жуық қатысушы қатысты. Осындай шаралар арқылы біз ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастығымызды жандандыруға тырысамыз», - деді Қазақстанның Әзербайжандағы елшісі Әлім Байел.
Дипломат сонымен қатар Ислам Азық-түлік қауіпсіздігі ұйымының қызметі туралы айтып, Әзербайжанның жақын арада оған қосылатынына сенім білдірді. Ол Қазақстан ауыл шаруашылығы саласына, әсіресе астықты терең өңдеу және басқа да дақылдарды өңдеу саласына инвестиция құйылатынын атап өтті.
Елші сонымен қатар Қазақстанның Қарабақтағы ауыл шаруашылығы жобаларын жүзеге асыруға мүдделі екенін айтты.
Өз кезегінде Әзербайжанның Ауыл шаруашылығы инновациялар орталығының директоры Анар Джафаров Әзірбайжан екі ел арасындағы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың тиімді тетіктерін жасауға дайын екенін атап өтті.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение