Мәзір

Қазақстан Қырғызстанға ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауды ұлғайтады

10.04.2024
Қазақстан Қырғызстанға ауылшаруашылық өнімдерін экспорттауды ұлғайтады

Ауыл шаруашылығындағы ынтымақтастықтың әлеуетін толыққанды ашу үшін екі елдің үкіметтері өнімдердің өзара тасымалын ұлғайту және бірлескен жобаларды іске қосу жөнінде шаралар қабылдайтын болады, сондай-ақ екі елдің ғылыми-зерттеу институттары мен аграрлық жоғары оқу орындары арасындағы белсенді өзара іс-қимыл жалғасады. Премьер-министр Олжас Бектенов Қырғызстанға жасаған сапарында осы  мәселелерді талқылады. Бұл жөнінде World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі таратқан ақпарат бойынша, тараптар өзара тауар айналымын $2 млрд-қа дейін ұлғайту жөніндегі бірлескен шараларды талқылаған. Оның ішінде екі елдің сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайтуға бағытталған нақты жобаларға назар аударылыпты. Қазақстан $260 млн сомасына 195 тауар позициясы бойынша экспортты ұлғайтуға дайын. 

Азық-түлік саласының әлеуеті зор екені айтылған. Сондай-ақ бұған шекара маңында Индустриялық сауда-логистикалық кешен құру туралы жоспарлар да ықпал етеді. Аталған жобаның іске қосылуы мультипликативті әсерге ие болып, сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарға қосымша серпін береді.

Сонымен қатар тараптар қазақ-қырғыз шекарасының өткізу қабілетін және жүк тасымалдаушылар үшін транзитті тартымды ету бағытында атқарылып жатқан жұмыс қарқынын атап өтті. Қазақстанның транзиттік көлік әлеуетін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес «Қарасу», «Бесағаш», «Аухатты», «Сартөбе» «Айша бибі», «Сыпатай батыр», «Кеген» өткізу бекеттерін салу және реконструкциялау көзделіп отыр.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии