Абай облысында ұзындығы 272 шақырымды құрайтын Бақты – Аягөз жаңа теміржол желісінің құрылысы басталды. ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов телекөпір арқылы құрылыс жобасын ресми түрде іске қосты. Бұл туралы World of NAN порталы Үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Бақты – Аягөз теміржол желісі Қазақстан мен Қытай арасындағы жүк тасымалын 20 млн тоннаға арттырып, 28 млн-нан 48 млн тоннаға дейін ұлғайтуға, оңтүстіктегі өткізу бекеттеріндегі кептелістерді жоюға және қосымша транзит көлемін тартуға мүмкіндік береді. Теміржол 2027 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарланған.
Жоба жеке инвестордың қатысуымен МЖӘ қағидаты бойынша жүзеге асырылады. Құрылыс барысында 11 станция, 47 көпір, 23 теміржол және 8 автомобиль өткелі, 5 жаяу жүргіншілер көпірі, 16 бақылау құрылыстары салынады. Осы мақсатта отандық өндірушілерден 500 мың бірліктен астам шпал және 36 тонна рельс сатып алу жоспарланып отыр. Жергілікті қамту кем дегенде 85% құрайды деп күтіледі.
Премьер-Министр былтыр теміржолдармен тәуелсіз Қазақстанның 30 жылындағы ең жоғары жүк көлемі тасымалданып, 245 млрд тонна-километрді құрағанын атап өтті. Мұндай жоғары қарқын геосаяси жағдайларға және инфрақұрылымдық шектеулерге қарамастан биыл да сақталып отыр.
«Соңғы бес жылда контейнерлік транзиттік тасымал көлемі 3,2 есе өсті. Қолданыстағы транзиттік дәліздер кеңейіп, жаңалары ашылуда. Транскаспий халықаралық көлік бағыты, Солтүстік-Оңтүстік және Онтүстік дәліздері айрықша маңызға ие болып отыр», — деді Әлихан Смайылов.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Қанат Әлмағамбетов атап өткендей, жаңа желі қазақстандық экспорт көлемін, сондай-ақ Ресейден Қытайға және кері бағыттағы жүк транзитін арттыруға мүмкіндік береді.
«Бұл желі арқылы Абай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарынан және басқа өңірлерден келетін тауарлар өтеді. Екі жолды желі құрылысы – бірден жеткілікті қуаттылыққа ие болуға кепіл болып табылады. Жалпы бұл транзиттік жүктердің қосымша ағынын ашып, жақын маңдағы аймақтарды дамытуға серпін болмақ», — деді ол.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение