Мәзір

Қазақстан Ресей құрғақ сүтінің негізгі сатып алушысына айналды

12.01.2024
Қазақстан Ресей құрғақ сүтінің негізгі сатып алушысына айналды

2023 жылдың қаңтар-қараша айларында ресейлік құрғақ сүт экспорты өткен жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 5,4 есе өсіп, 17 мың тоннадан асты. Қазақстан құрғақ сүттің ең негізгі импортшысына айналған. Бұл туралы World of NAN порталы Ресейдің «Агроэкспорт» АӨК өнімдері экспортын дамыту федералды орталығына сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Құндық мәнге келер болсақ, құрғақ сүт экспортының көлемі 2,9 есе өсіпті. 2023 жылы ресейлік құрғақ сүттің негізгі импорттаушылары Қазақстан, Армения және Грузия болған. Мәселен, қарастырылып отырған кезеңде Қазақстанға бағытталған экспорт 4,9 есеге, яғни 10 мың тоннаға, Арменияға – 13 есеге немесе 1,9 мың тоннаға дейін өсіпті. 11 айда Грузияға 1,4 мың тонна құрғақ сүт жөнелтілген, ал 2022 жылы бұл елге жеткізілім болмаған.

Ресейдің ұлттық сүт өндірушілер одағы бас директоры Артем Белов сүт өнімдері экспортының өсуі бірқатар себепке байланысты деп түсіндіреді. «Біріншіден, көп компания үшін экспорт шынымен де стратегияның маңызды құрамдас бөлігіне айналуда: жалпы алғанда, саладағы парадигма импортты алмастырудан – экспортқа бағытталуға қарай өзгерді. Екіншіден, ресейлік сүт өнімдері посткеңестік кеңістікте де, алыс шетел нарығында да бәсекеге қабілетті болып келеді. Үшіншіден, соңғы бірнеше жылда экспорттық жеткізілімдерді ынталандыру үшін жаңа қолдау шаралары енгізілді. Бұл құрғақ сүт өнімдерін өндіру бойынша өндіріс қуаттылығын жаңғырту шығындарының өтемақысын және биылғы жыл үшін ең маңыздысы – логистикалық шығындарды 100% өтеуді қамтиды», - дейді Белов.

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей үкіметі сүт өнімін экспорттаушылардың транспорттық шығындарын 100% қайтарып бере бастады. Осыған дейін қазақстандық сүт өндірушілер Ресей өнімдерін отандық нарыққа кіргізуге шектеу қою туралы өтініш жасаған.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии