Мәзір

Қазақстан Ресейден ірі қара мал импорттауды күрт арттырды

16.04.2024
Қазақстан Ресейден ірі қара мал импорттауды күрт арттырды

Ресейдің ветеринариялық және фитосанитарлық басқармасы Россельхознадзор 2024 жылдың алғашқы тоқсанына арналған экспорт есебін жариялады. Бұл есепке сәйкес, Қазақстан Ресейдің ауыл шаруашылық өнімдерін сатып алуды арттыра түскен, деп хабарлайды World of NAN.

Биыл Ресейде ауыл шаруашылығы жануарларын экспорттау бойынша айтарлықтай өсім байқалды. Өткен жылдың алғашқы тоқсанымен салыстырғанда, экспорт 2,2 есе ұлғайған.

Оның ішінде ірі қара малды тасымалдау 6,8 есеге өсті. Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға тірі ірі қара мал экспорты бірден 17,5 есеге артыпты. Бұл 29 есе ұлғайған Грузия экспортынан кейінгі екінші ірі көрсеткіш. 

Ресейдің дайын ет өнімдерін сату көрсеткіші де 1,5 есе артыпты. Тауардың басым бөлігі Қазақстанға экспортталған.

Ал ресейлік құс етін сатып алу бойынша Қазақстан Қытай мен Сауд Арабиясынан кейінгі үшінші орынға тұрақтаған.

Біздің еліміз сүт өнімдерінің де ең ірі сатып алушысы, 2023 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда Қазақстан сатып алу көлемін 1,3 есеге арттырды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии