Мәзір

Қазақстан ресейлік бидай мен ұнның импортын арттырды

19.06.2024
Қазақстан ресейлік бидай мен ұнның импортын арттырды

Импорттық шектеулерге қарамастан Қазақстан ресейлік бидай мен ұнның импортын арттыра түсті. Бұл туралы World of NAN ресми статистикаға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2023/24 маркетингтік жылының алғашқы 8 айында Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан 1,59 млн тонна бидай жеткізілді (2022/23 жылдың сәйкес кезеңінде 1,47 млн ​​тонна және 2021/22 жылдың 8 айында 1,37 млн ​​тонна болған еді).

Биылғы жылдың сәуірінде де көрсеткіш өткен жылғыдан асып түсті – 2023 жылғы сәуірде 203,8 мың тонна бидай импортталса, биылғы сәуірде 249 мың тоннаға жетті.

Бұл ретте Қазақстанға ресейлік бидай ұнының импорты да айтарлықтай өсті – 2022/23 жылдың қыркүйек-сәуірінде ол небәрі 11,8 мың тонна болса, 2023/24 жылдың сәйкес кезеңінде ол 54,7 мың тоннаға жеткен. Айта кетейік, ресми статистикада ресейлік астықтың Қазақстанға заңды импорты ғана көрсетілген. Ал жергілікті фермерлер Ресей Федерациясынан бидайдың заңсыз жеткізілуіне қатысты мәселелер бар деп санайды.

Биыл сәуір айында Қазақстан ел аумағына бидай әкелуге тыйым мерзімін ұзартты. Оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерден автомобиль, су және теміржол көлігімен бидай әкелуді тағы 6 айға шектеді. Тек құс фермалары мен ұн зауыттарына темір жол арқылы жеткізуге рұқсат етілген.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии