Мәзір

Қазақстан Саха Республикасына азық-түлік өнімдерін жеткізбек

19.04.2024
Қазақстан Саха Республикасына азық-түлік өнімдерін жеткізбек

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мен Саха Республикасының (Якутия) басшысы Айсен Николаев Саха мемлекетінің инвестициялық-туристік таныстырылымына қатысып, екі елдің арасындағы экономикалық байланысты нығайтуды талқылады. Бұл жөнінде World of NAN үкіметке сілтеме жасай отырып хабарлайды.

«Бүгінгі тұсаукесер мен көрме қазақстандық және якутиялық бизнесмендер арасында тікелей байланыс орнату және тығыз өзара іс-қимыл орнату үшін тамаша мүмкіндік. Біз якут нарығымен танысу үшін Қазақстан Республикасының Саха Республикасына сауда-экономикалық миссиясын өткізу мүмкіндігін қарастыруға дайынбыз. Өз тарапынан Қазақстан Якутияға өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерін жеткізуге мүдделі», — деді Серік Жұманғарин.

Ал Саха мемлекеті үкіметінің хабарлауынша, бір жыл ішінде Қазақстан мен Саха Республикасы арасындағы тауар айналымы екі есеге жуық өсіп, көлемі 160 миллион доллардан асқан. Сауданың 99 пайыздан астамы қазақстандық тауарлардың экспортына тиесілі. Екі ел ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және IT салаларындағы тауар айналымын арттыруға дайын.

Tass.ru сайтының жазуынша, Қазақстанда бес ірі трансшекаралық сауда орталығының, соның ішінде Ресеймен шекарадағы «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығының іске қосылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарға жаңа серпін бермек.

Кездесу қорытындысы ретінде Қазақстан мен Якутия кәсіпкерлері бірқатар коммерциялық құжатқа қол қойды.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии