Мәзір

Қазақстан тауық жұмыртқасын алып кіруді жарты жылға шектеді

29.04.2024
Қазақстан тауық жұмыртқасын алып кіруді жарты жылға шектеді

Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 24 сәуірдегі бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына автомобиль көлігімен тауық жұмыртқаларын әкелуге алты ай мерзімге уақытша тыйым салынды. Бұл жөнінде World of NAN ведомствоға сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді. Айта кету керек, осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толығымен жабылады. Бұл фактор құс фабрикаларының қызметіне теріс әсер етеді, жұмыртқа бағасы төмендейді. Бағаның өзіндік құннан төмен түсуі кәсіпорындардың рентабельділігіне теріс әсер етеді.

Сондай-ақ, осы кезеңде жұмыртқаны сақтау мерзімі қысқарады, бұл ретте технологиялық ерекшеліктерге байланысты жұмыртқа өндіру көлемі азаймайды, бұл қоймаларда тауардың артық жиналуына әкеледі.

Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.

Бұйрық 2024 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енеді.


Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.

Обсуждение

0 коментарии