Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Венгрияның Ауыл шаруашылығы министрлігіне қазақстандық алушыларға ірі қара малын экспорттауға мүмкіндік беретін ветеринариялық сертификат беруді тоқтату өтінішімен жүгінді. Бұл туралы World of NAN порталы DairyNews-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметі бойынша, ірі қараны әкелуге тыйым салу бұйырығы 19 маусымда күшіне енген. Елге тірі мал әкелу барысында Еуразиялық Одақ және Қазақстанның ветеринариялық-санитариялық талаптары көптеп бұзылғандықтан, осындай бұйрық қабылданды.
"Ветеринариялық анықтамалар ЕАЭО стандарттарын бұза отырып толтырылған, мысалы, вакцинация паспорттары. Олардың сертификатына сәйкес, жануарға екпе салынғаны немесе салынбағаны белгісіз. Олар жануарларға екпе салынбаған деп жазады, бірақ іс жүзінде вакцинацияланған болып шығады. Құжаттардың мұндай сәйкессіздігі – өрескел бұзушылық», - деп, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті неліктен шектеу қажет екенін түсіндірді.
Қадағалаушы орган бұл кемшіліктер түзетілген бойда шектеулер алынып тасталатынын айтады.
Осы жылдың наурыз айында Қазақстан Нидерланд корольдігі мен Бразилиядан ірі қара мал әкелуге уақытша тыйым салды.
Қазақстан Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2022 жылы 10 мың бас ірі қара мен бір миллионға жуық ұсақ мал әкелді. Қазақстан Республикасына жануарларды негізгі жеткізуші мемлекеттер – Ресей мен Чехия болды.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение