Қазақстан Вьетнам нарығына астық, ұн және ет жеткізу мәселесін талқылады. Бұл жөнінде World of NAN Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Келіссөздер екі елдің сауда министрлері Арман Шаққалиев пен Нгуен Хонг Диеннің төрағалығымен өткен Қазақстан мен Вьетнам арасындағы сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның 11-ші отырысы аясында өтті.
Елдер арасындағы өзара сауда оң динамика көрсетіп отыр. 2023 жыл тауар айналымының 85,4%-ға өсуімен аяқталды.
Сауда министрлі Арман Шаққалиевтің айтуынша, алдағы жылдары екіжақты тауар айналымын 1,5 миллиард долларға дейін ұлғайту жоспарланып отыр.
Қазақстанның Вьетнамға экспортын 96,9 миллион доллардан асатын 35 тауар позициясына, соның ішінде тамақ өнеркәсібі өнімдеріне арттыру мүмкіндігі бар.
Қазіргі уақытта Қазақстанның Сыртқы сауда палатасы мен Вьетнамның Сауда-өнеркәсіп палатасы Қазақстан-Вьетнам Іскерлік кеңесін құру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында Вьетнамның сауда өкілдігін ашу мәселелерін талқылап жүр.
«Қазақстан Вьетнам нарығына астық, бидай ұны, макарон және кондитер өнімдерін, ет және ет өнімдерін, сүт, жарма және басқа да жоғары сапалы ауыл шаруашылығы өнімдерінің түрлерін жеткізуге қызығушылық танытуда», - делінген хабарламада.
Тараптар жақын арада мал шаруашылығы өнімдерін, сүт және сүт өнімдерін, үй жануарларына арналған азықтарды, желатинді және т.б. экспортталатын ветеринариялық-санитариялық талаптар туралы ақпарат беруге келісті. Вьетнамдық тарап үшін сондай-ақ термиялық өңдеуден өткен ет және ет өнімдері, құс өнімдері (құс еті мен жұмыртқасы), қазақстандық тарап үшін балық және бал.
Смотрите больше интересных агроновостей Казахстана на нашем канале telegram, узнавайте о важных событиях в facebook и подписывайтесь на youtube канал и instagram.
Обсуждение